«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
27.02.2025
122 просмотров
ПМХЗ-дағы дизель отынын гидротазалауды жаңғыртудың жаңа кезеңі: зауыт К-304 вакуумды кептіргішін орнатты Павлодар мұнай-химия зауытының өндірістік негізінде депарафинизациялау блогын іске қосуды қамтитын ДОГТ (дизель отынын гидротазалау) қондырғысын жаңғырту бойынша ауқымды жоба аясында маңызды қадам жасалды.
ПМХЗ бас мердігері «EPCM Group» ЖШС кәсіпорынға Қытайдың Suzhou Hailu Heavy Industry Co., Ltd. компаниясы шығарған вакуумды колонна/кептіргішін жеткізіп, орнатты. Бұл – жоба аясында жасалған монтаждың алғашқы кезеңі. Оның биіктігі 36 метрге болса, құжат бойынша жалпы салмағы 60,7 тоннаны құрайды.

K-304 вакуумды колонна/кептіргіші 0,6 кг/см² қысым жағдайында және 184°C-ге дейінгі температурада жұмыс істейді. Бұл қондырғының арқасында қысымның төмен деңгейі мен жоғары температуралы үдерістер барысындағы газөнімді қоспалар ағынын бөлу кезінде жеңіл көмірсутектер жойылып, қажетті сулау қамтамасыз етіледі. Оның негізгі мақсаты төмен қысым мен жоғары температура жағдайында сұйықтықтарды дизельді және булы фракцияларға тиімді бөлуде жатыр. Жабдық жану температурасы мен құрамындағы су мөлшері бойынша талаптарды сақтауға бағытталған. Бұл, өз кезегінде, шығарылатын өнімнің қауіпсіз қолданылуы мен сапасын қамтамасыз етуде аса маңызды.

Жаңғыртудың негізгі мақсаты – «қысқы режим» жағдайында лайлану температурасы минус 28ºС-ді құрайтын қысқы дизель отынын және К5 классындағы дизель отынын шығару. Жобаның жүзеге асырылуы суық кездері маусымдық дизель отынының тапшылығы мәселесі туындайтын Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтары үшін маңыздылығы жоғары қысқы дизель отынымен нарыққа кіруіге мүмкіндік береді.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото  Рашит Бахтияр, Айдос Бралинов
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу