«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
03.03.2025
111 просмотров
ПМХЗ-ның зауыт спартакиадасы шаңғы жарысынан басталды 2025 жылдың 8 ақпанында павлодарлық мұнай өңдеушілер шаңғы тебуден жарысқа түсті. Аталмыш дода «Ертіс» шаңғы базасында ұйымдастырылды. Спорттық сайысқа ПМХЗ-ның 45-тен аса қызметкері қатысты.
Жарыс трассасының ұзындығы екі километрді құрады. Қатысушылар құрылымдық бөлімшелерге сәйкес топтарға бөлініп, денелерін қыздырып алу үшін алдын ала дайындық жаттығуларын жасады. Жарыстың сөресінен шаңғышы топтар араға бір минуттан салып шығып отырды.

Спортшыларымызға келген достары, туыстары мен әріптестері жанкүйер болды. Сондай-ақ барлық келушілер үшін тәтті тағамдар мен ыстық шәй таратылатын арнайы пункт жұмыс істеді. Қонақтар мен шаңғышылардың көңілдерін көтеру үшін ырғақты әнді де ұмыт қалдырмады.

Шаңғы жарысы жүлдегерлерді дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімімен тәмамдалды. Нәтижелер келесідей болды:
Топтық есепте:
1 орын – мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі;

2 орын – күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы;

3 орын – ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі.

Жеке есепте:
1 орын – Әлібек Мусин (күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы);

2 орын – Адлан Урумбаев (мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі);

3 орын – Алексей Кирьянов (мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі).

Жүлдегерлерді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото – Асылжан Жеңіс, Михаил Брюховец


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу