«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
05.03.2025
91 просмотров
Толқын Ержігітова, «ПМХЗ» ЖШС санитарлық зертханасының химиялық талдау зертханашысы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «ПМХЗ» ЖШС санитарлық зертханасының химиялық талдау зертханашысы Толқын Ержігітова жайлы әңгіме өрбітпекпіз. Оның көп жылдық қажырлы еңбегі мен жұмысына деген ынтасы ерекше назарды талап етеді.
«Павлодар мұнай-химия зауытында жұмыс істеп жүргеніме 35 жыл болды. Былай қарасақ, өмірімнің жартысынан көбін осы заутқа арнаған екенмін. Мен өзімді қандай-да бір басқа салада тіпті елестете де алмаймын. Менің өмірім осы зауыттың тағдырымен тікелей байланысты», — дейді Толқын Әбілешқызы.

Сонымен қатар Толқын Әбілешқызы күн сайын өндірістік объектілердегі экологиялық жағдайды бақылауда ұстайтын санитарлық зертханадағы өз жұмысын ерекше атап өтті. Бұл жұмыс өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, қоршаған ортаның қорғалуына да оң әсерін тигізеді. «Біздің әрбір талдауымыз адамның денсасулығы мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін ерекше маңызды», — дейді ол.

8 Наурыз қарсаңында «ПМХЗ» ЖШС ұжымы Ержігітова Толқын Әбілешқызы көп жылдық еңбегі және кәсіпорын мен мұнай өңдеу саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Асылжан Жеңіс
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу