Халықаралық әйелдер күні қарсаңында және Жұмысшы мамандықтар жылының аясында ПМХЗ сорап қондырғысының машинисі Кисина Батиманың еңбек жолы жайлы айтуды жөн көрдік. Батиманың зауытта қызмет етіп жүргеніне 10 жыл болды. Күн сайын кәсіпқой маман әйел адамның да әдетте «ер адам» айналысатын қызметте жетістікке жете алатынын дәлелдеп келеді.
Өндіріс тек ер адамдар ғана жұмыс істейтін сала емес.
Өндіріс құр ер адамдар ғана жұмыс істейтін сала деген таптауырынды Батима өз үлгісімен жойып келеді. ПМХЗ-да жұмыс істейтін әйелдер аз емес: зертханашылар, электршілер, машинистер. Сондай-ақ Батиманың өзі қызмет етіп жүрген цехтың басым көпшілігі — әйелдер.
«Өндіріс тек ер адамдардың саласы деген оймен мүлдем келіспеймін. Біздің кәсіпорнымызда біраз жетістіктерге жеткен әйелдер көп және олар өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып келеді», — деді ол.
Жұмыс пен отбасы: тепе-теңдік орнату мүмкін бе?
Батима үшін өз отбасы – әрдайым қолдау беретін тірегі. Жолдасы мен балалары оның жұмысына қызығушылық білдіріп, қиын жағдайларда қол ұшын созуға дайын тұрады. Батиманың айтуынша, ол жұмыс пен отбасылық міндеттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауда ешқашан қиналған емес.
Өндірісте жетістіктерге жету үшін қажетті қасиеттер
Батиманың ойынша, оның зауыттағы өнімді әрі жоғары бағаға ие болатын жұмысы өзінің еңбекқорлығы, табандылығы мен адалдығының нәтижесі. Осы маңызды қасиеттерінің арқасында ол қиындықтарды еңсеріп, таптауырындарға қарамай үлкен жетістіктерге жете алды.
«Әйел адамдар өздеріне сенімді болып, табандылықтарын көрсете алса, өндірістік жұмыста ер адамдардан кем болмайтынына сенемін», — деді белсінділік пен жауапкершілік сияқты қабілеттер өндірістегі әйелдерге көмектеседі деп ойлайтын Батима.
Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында біз Батима Кисина мен ПМХЗ-ның барлық нәзік жанды аруларын еңбек жолындағы жетістіктерімен құттықтаймыз. Батима қалыптасқан таптауырындарға қарамастан әйел адамның өз әлеуетін жүзеге асырып, кез-келген мамандықта жетістікке жетуге болатынын дәлелдейтін керемет үлгі.
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі