«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
07.03.2025
93 просмотров
ПМХЗ-ның нәзік жанды аруларын марапаттау

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында және Жұмысшы мамандықтар жылының аясында ПМХЗ әйел әріптестеріне құрметі мен ризашылығын білдірді. Мейрамға орай мерекелік концертте ерекше жетістіктерге ие болған қызметкер арулар салтанатты түрде марапатталды

Бұл әйелдер жыл сайын кәсіпорнымыздың дамуы мен гүлденуіне қомақты үлес қосып келеді. Олар өз жұмысын жемісті орындаумен қатар әріптестерге үлгі болып, жұмыс орнында өзара колдау мен жауапкершілік атмосферасын қалыптастыруда. Осыған орай ПМХЗ-ның үздік әйел қызметкерлерін атап өту мақсатында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ҚР Президенті атынан Құттықтау хатына санитарлық зертхананың 5-разрядты химиялық талдау зертханашысы Толқын Ержігітова ие болды. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» естелік белгісімен сумен жабдықтау және кәріз (СжәнеК) цехының 4-разрядты технологиялық сорғылар машинисі Жаңыл Күлжанова, ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің (АМҚӨӨ) 4-разрядты тауарлық операторы Галина Тисбаева, мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің (МКТӨ) 5-разрядты тауарлық операторы Ирина Ильницкая және санитарлық зертхананың 4-разрядты химиялық талдау зертханашысы Дана Қамзина марапатталды.

СжәнеК цехының 3-разрядты сорап қондырғысының машинисі Батима Кисина ҚМГ атынан Алғыс хат алды. 

МКТӨ 4-разрядты тауарлық операторы Гүлбану Сексенбаева мерекелік шарада облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болды.

Ал жөндеу-механикалық цехының (ЖМЦ) 4-разрядты кран машинисі Светлана Гавриш облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қала әкімінің Құрмет грамотасын иеленген СжәнеК цехының 3-разрядты сорап қондырғысының машинисі Акмарал Матаева болды. 

Электрмен жабдықтау цехының электр жабдықтарына қызмет көрсету мен жөндеу бойынша электромонтері Светлана Селезнёваға биыл қала әкімінің Алғыс хаты бұйырды.

Сонымен қатар «ПМХЗ» ЖШС бас директорының Алғыс хатымен бірталай ару марапатталды. Олардың қатарында цифрландыру, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация департаментінің өндірістік үдерістерді автоматтандыру бойынша технигі Наталия Голынская, жөндеу-құрылыс-монтаждау цехының жетекші экономисі Бақыт Қайсенова, кірме жолдарға қызмет көрсету цехының паркі бойынша кезекшісі Александра Курипка, энергиямен жабдықтау департаментінің жетекші инженер-энергетигі Әйгерім Садықова, АМҚӨӨ-нің 4-разрядты тауарлық операторы Екатерина Деряева, санитарлық зертхананың жетекші инженері Лаура Абебова, бухгалтерияның ұзақ мерзімді активтерді есепке алу секторының басшысы Марина Помыткина және өндіріс департаментінің сапа бойынша инженері Айнагүл Нұркина болды.

Бұл арулардың еңбегі ең жоғары бағаға лайық және ПМХЗ осындай қызметкерлердің жетістіктерін мақтан етеді. ПМХЗ-ның әйелдер қауымын келіп жеткен көктемнің алғашқы шуақты мерекесімен құттықтап, кәсіпке деген махаббаттарыңыз, еңбекқорлықтарыңыз бен іске адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото — Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу