Спорттық
сайыс 2025 жылдың 16 ақпанында «ОТАН» республикалық
қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық спорттық ату клубында өтті. ПМХЗ-ның
әр құрылымдық бөлімшесінен 2 адамнан тұратын топтар жарысқа түсті.
Шара екі кезеңнен тұрды: квалификациялық іріктеу және финал. Кезеңдердің әрқайсысында атқыштар ұзын оқпанды шағын калибрлі винтовкадан 3 сынақ және 5 есептелетін атыс жасайтын мүмкіндік алды.

Жарыс аймағына қатысушылар бес адамнан тұратын топтармен кезек-кезек шығып отырды. Аяғында тік тұрған қалпында спортшылар 25 метр қашықтықтан нысанаға оқ атты.

Квалификациялық іріктеудің нәтижелеріне сәйкес ең көп ұпай жинаған 5 қатысушы жеңімпаздарды анықтайтын финалдық кезеңге өтті.

Спорттық дода соңында ұйымдастырушылар жеңімпаздарды марапаттап, дипломдар мен сыйлықтар табыс етті. Нәтижелер келесідей болды:
Топтық есепте:
1 орын – кірме жолдарға қызмет көрсету цехы;
2 орын – мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі;
3 орын – күкірт өндірісі мен жалпы зауыттық шаруашылық.

Жеке есепте:
1 орын – Ербұлан Мағау (мұнайды терең өңдеу өндірісі);

2 орын – Александр Усихин (мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу кешені);

3 орын – Олег Палицкий (бақылау-өлшеу аспаптары мен технологиялық үдерістерді автоматтандыру цехы).

Жеңімпаздарды шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Илья Величко