2025 жылдың зауыттық Спартакиадасы аясында мұнай өңдірушілер арасында жыл сайынғы жүзу жарыстары 1 наурызда Ertis Olympic жүзу бассейнінде өтті. Жарыстарға зауыттың әртүрлі бөлімшелерінен шамамен 28 спортшы қатысып, командалық және жеке есепте күш сынасты.
Жарыс 100 метр қашықтықта еркін стильде өтті. Әрбір команда екі жүзушіден тұратын болды, ал команданың нәтижесі оның қатысушыларының уақытының қосындысы бойынша анықталды.
Командалық есепте жеңімпаздар:
1 орын – Жөндеу-құрылыс-монтаж цехы (ЖҚМЦ): Апаттық-қалпына келтіру учаскесінің басқарушысы Виталий Гайдаенко және жоба-смета жұмыстарының инженері Максат Әмірғалин.
2 орын – Мұнайды терең өңдеу өндірісі (МТӨӨ): С-001 машинисі Алексей Шилов және С-200 операторы Аятулла Самуратов.
3 орын – Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі (МБӨӨ): өндіріс басшысы Адлан Үрімбаев және компрессорлық қондырғылар машинисі Юрий Ярополов.
Командалық есептің толық нәтижелері:
4 орын – Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі;
5 орын – Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылық;
6 орын – Зауыт басқармасы;
7 орын – Сумен жабдықтау және кәріз цехы;
8 орын – Бу-ауамен жабдықтау цехы;
9 орын – Электрмен жабдықтау цехы;
10 орын – Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі;
12 орын – Жеңіл мұнай өнімдері өндірісі және Бақылау-өлшеу аспаптары және технологиялық үдерістерді автоматтандыру цехы;
14 орын – Жөндеу-механикалық цех және Кірме жолдарға қызмет көрсету цехы.
Жеке есепте жеңімпаздар:
1 орын – Алексей Шилов (МТӨӨ);
2 орын – Максат Әмірғалин (ЖҚМЦ);
3 орын – Адлан Үрімбаев (МБӨӨ).
Жарыстың аясында барлық қатысушыларға дипломдар мен жүлделер табыс етілді.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Илья Величко