Бұл күні мұнайшылар өз командаларының абыройын қорғап, интеллектуалдық қабілеттерін сынап көрді. Әр командадан екі ойыншы қатысты, ал ойыншылардың жұптары жеребе арқылы анықталды. Достық атмосферада өткен қарқынды жарыстар нәтижесінде күш сынасып, жеңімпаздар анықталды.
Шахмат бойынша жеңімпаздар:
1-орын – Электрмен жабдықтау цехы: электрмонтерлер Талғат Аманжолов пен Дұман Сартаев.
2-орын – Сумен жабдықтау және канализация цехы: учаске шебері Е.Н. Мельников және тауар операторы А.Т. Мүсін.
3-орын – Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі (МБӨӨ): операторлар Дмитрий Глинский және Қуаныш Солтанов.
Дойбы бойынша жеңімпаздар:
1-орын – Бу-ауамен жабдықтау цехы (БАЖЦ): сантехник-слесарь Айтжан Хамитов және жылу желілерін қызмет көрсету слесары Сержан Ахметшарипов.
2-орын – Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі (МБӨӨ): машинистер Рахат Балтабаев пен Евгений Волокитин.
3-орын – Мұнайды терең өңдеу өндірісі (МТӨӨ): оператор Қайрат Смағұлов және С-300 учаскесінің басшысы Асхат Жаменкенов.
Тоғызқұмалақ бойынша жеңімпаздар:
1-орын – Зауыт басқармасы: статикалық жабдықтың механикалық тұтастығы бойынша бас маманы Марат Тоғайбаев және статикалық жабдықты тексеру бойынша жетекші маман Алмаз Исағұлов.
2-орын – Бақылау-өлшеу аспаптары және технологиялық үдерістерді автоматтандыру цехы (БӨАжәнеТҮА): бақылау-өлшеу аспаптары және технологиялық үдерістерді автоматтандыру слесарі Айзада Әбілова және АӨӨ инженері Илья Черватюк.
3-орын – Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің тауар операторлары А.С. Ангоноев және М.Т. Жақсылықов.
Осылайша, спорттық жарыстар ПМХЗ жұмыскереріне демалыс күндерін өткізуге, өз қабілеттерін сынап көруге және командалық рухты сезінуге мүмкіндік беріп, зауыттық Спартакиаданың келесі кезеңін табысты аяқтады.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото: Илья Величко