«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
17.03.2025
85 просмотров
«ПМХЗ» ЖШС қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ қорының өкілдерімен кездесті

Қыстың соңғы күндері «Самұрық-Қазына» АҚ, «Әлеуметтік өзара әрекеттесу мен коммуникациялар орталығы» ЖМ және «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС басшылары «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ға жұмыс сапарымен келіп қайтты. Олар зауыт аймағын аралап, өндірістегі қауіпсіздік техникасы талаптарының орындалуына көз жеткізу және зауыттың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру мақсатында кәсіпорынның қызметкерлерімен кездесті.

Зауытқа келген делегция кұрамына кіргендер:

  • Ғибрат Ауғанов – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның корпоративті басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры;
  • Қадырбек Егізбаев – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның әлеуметтік саясат, корпоративті басқару және әкімшілік қамтамасыз ету жөніндегі директоры;
  • Елдос Өмірзақов – «Әлеуметтік өзара әрекеттесу мен коммуникациялар орталығы» ЖМ бас директоры;
  • Айдар Нұралиев – «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС-ның бас директоры.

Кездесу аясында қор өкілдеріне зауыт бойынша экскурсия өткізілді. Оның барысында Орталық басқару пункті мен жақында ғана ашылған биіктікте жұмыс істеуге арналған оқу-жаттығу полигонына ерекше мән берілді.

Келесі кезекте делегаттар кәсіпорынның мәжіліс залында  ПМХЗ-ның еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жиында президентіміз жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылының» аясындағы «Самұрық-Қазына» Қорының 2025 жылға арналған негізгі жұмыс бағыттары таныстырылды. Сондай-ақ, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді қажет ететін жасөспірімдерді қолдап, олардың арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттауға бағытталған «Самұрық үміт» пен «Тәлімгер» жобалары талқыланды.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі 

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу