Дәстүрге сай, жылдың аяқталуын білдіретін бұл күні адамдар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, үлкендер жасы кішілерге тәттілерден дәм таттырады. Наурыз мейрамының қарсаңында ПМХЗ қолдау орталығымен бірлесе отырып, оның тәрбиеленушілері үшін аниматорлардың қатысуымен өткен ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды.
Мерекелік шараға ПМХЗ атынан жастар істері бойынша кеңес мүшелері, жобаларды сүйемелдеу бойынша бас маман Әділ Ырғайбек және экономист Дінмұхаммед Рүстемов барды. Әріптестеріміз балаларды құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды. Сондай-ақ, ала келген тәтті сыйлықтарымен бүлдіршіндерді қуантты.
Орталық әкімшілігі ПМХЗ өкілдеріне мекеме басшысының атынан алғыс хат табыстады.

Әділ Ырғайбек және Дінмұхаммед Рүстемов
Балалар үйіндегі мереке балақайларға ерекше көңіл сыйлап, есте қаларлықтай әсер қалдырды.
«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото - Михаил Брюховец