«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
18.03.2025
59 просмотров
ПМХЗ Ұлттық киім күнін атап өтті Павлодар мұнай-химия зауытында Наурызнама-2025 жобасы аясында ұлттық киімдер күніне арналған іс-шара өткізілді.
Бұл шара жұмысшыларға дәстүрлі киімдер киіп, өздерінің талғамдарын көрсетуге мүмкіндік берді. Әрбір қатысушы игі бастамаға қолдау білдіріп, мерекенің танымалдылығын арттыруға, кеңінен таралуына ат салысты.

Айта кету керек, қазіргі заманғы дизайнерлер ұлттық киімдерді күнделікті стильге сәтті бейімдеп, көне дәстүрлер мен заманауи үрдістер діүйлестіріп, жаңа туындылар өмірге әкелуде. Бүгінгі таңда сән әлемінің бұл бағыты жылдан-жылға өзекті бола түсуде.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Женіс Асылжан
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу