ПМХЗ-ның су тасқынына төтеп беруге төрт қаруы сайлаулы
19.03.2025
82 просмотров
2025 жылдың ақпанының соңында кәсіпорынның тасқындық жағдайын мониторингілеу мен бақылау мақсатында құрылған ПМХЗ-ның зілзалалық жағдайларды басқару тобы (ЗЖБТ) техникалық жиын өткізді.
Қар еруінің белсенді кезеңінің басталуына орай және осыған байланысты туындайтын тәуекелдердің алдын алу мақсатында ЗЖБТ «ПМХЗ» ЖШС-ның 2025 жылдың су деңгейінің көтерілу кезеңіндегі ықтимал апаттық жағдайларды болдырмау жоспарында қарастырылған іс-шаралардың жүзеге асырылу барысын және басқа да маңызды мәселелерді талқылады.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ш.Д. Алтынбековтің мәлімдеуінше, 20.12.2024ж. мен 25.02.2025 ж. аралығында аутсорсингтік компаниялардың қызметкерлері құрылымдық бөлімшелер территорияларының 8685 шаршы метрін қардан тазалады. Сондай-ақ кездесу барысында топ мүшілері арнайы техника және мемлекеттік емес өртке қарсы ұйым қызметкерлерінің қар массалары еруінің ықтимал салдарын жоюға даярлығын тексерді. Сумен жабдықтау және кәріз цехының басшысы А.Б. Шаимов пен ЖҚМЦ басшысы А.А. Қожасов жұмыс барысы жайлы айтып берді.
Шара барысында ерінді сулардың әсер ету ықтималдығы жоғары учаскелер және арнайы жабдықтар мен техниканы қатаң бақылауда ұстау қажеттілігіне баса назар аударылды.