«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
20.03.2025
70 просмотров
ПМХЗ-да дуалды оқыту студенттерін азаматтық қорғаныс бойынша қорғаныс құрылысымен таныстырды 2025 жылдың 28 ақпанында Халықаралық азаматтық қорғаныс күнінің қарсаңында Павлодар химия-механикалық колледжі мен «Торайғыров университеті» КЕАҚ дуалды оқыту студенттері үшін зауыттың қорғаныс құрылыстарындағы паналау тәртібі мен дұрыс әрекет ету бойынша жаттығу сабағы өтті.
Жыл сайын наурыздың 1 жұлдызында Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) шақыруы бойынша әлемнің бірталай мемлекетінде Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аталып өтеді.

Ұйымның мақсаты – мемлекеттерге халықты қорғау мен оған көмек көрсетуді, сондай-ақ табиғи және антропогендік апаттар жағдайында мүлік пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуде жәрдемдесу. Ұйымның басты қызметі – елдердің өнеркәсіп саласындағы қауіпсіздігін арттыру. Ол үшін мереке аясында ХАҚҰ-ға мүше мемлекеттерде тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар, тақырыптық дәрістер үнемі өткізіліп тұрады.

Осылайша, ПМХЗ-да практикадан өтіп жатқан Павлодар химия-механикалық колледжі мен Торайғыров университетінің студенттері үшін «ПМХЗ» ЖШС-ның №89 қорғаныс құрылысында экскурсия жүргізілді. Тағылымгерлерге паналау ғимаратының ішкі бөлмелері көрсетіліп, олардың қандай жағдайда қолданылатындары түсіндірілді. Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс инженері Николай Попенко студенттерді құрылыстың негізгі сипаттамаларымен, паналау тәртібімен және паналау орнында әрекет ету ережелерімен таныстырып, паналаушыларға арналған жеке қоғаныс құралдарының қолданылу жолдарын түсіндірді. Қорғаныс құрылысына қызмет көрсету бойынша топ командирі Николай Нестеров қажет жағдайда құрылысты іске қосу тәртібі мен жабдықтардың қызметтік мақсаты жайлы айтып өтті. Шара соңында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, азаматтық қорғаныс бойынша жаднамаларға ие болды.

ПМХЗ басшылығы АҚ жүйесін оперативті дайындықты жоғары деңгейінде ұстаудың маңыздылығын жақсы түсінеді. Сол себепті Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар бөлімшелері профилактикалық және оқыту шараларын өткізуге ерекше мән береді.

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Вадим Бердников
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу