«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
12.03.2025
79 просмотров
ПМХЗ-да тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті 2025 жылдың 12 наурызында ПМХЗ-да тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті.  Тактикалық іс-шара барысында мемлекеттік емес өртке қарсы және газдан құтқару қызметінің өкілдері мен МСБ қызметкерлері бірлесе отырып, шартты өртті сөндіріп, зардап шеккендерді құтқарып, апатты жою керек болды. 

Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес,  «ЭЛМТГ» ЖШС ғимаратындағы сутек өндірісінің компрессорлық қондырғысында сутектің ағуы мен технологиялық жабдықтардың жануы орын алды.

Өрт көзі анықталғаннан кейін апаттық қызметтер (МЕӨҚҚ, ГҚҚ, МСБ) жұмыс жүргізілетін аймаққа қарай бағытталды. Құтқарушыларға ғимаратта газбен улану белгілері бар адамның қалғаны туралы ескертілді.  ПМХЗ-ның апаттық қызметтер өкілдері зардап шеккен адамды эвакуациялап, оған алғашқы көмек көрсетті. Сонымен қатар апатты жою бойынша барлық қажетті шаралар қолданылды.

Тәжірибе жинағандардың қатарына МЕӨҚҚ және ГҚҚ кезекші ауысымдары, сутек өндірісі қондырғысының кезекші персоналы, «ПМХЗ» ЖШС-ның №89 қорғаныс құрылымына қызмет көрсету тобы, «ПМХЗ» ЖШС-ның өндірістік құрылымдық бөлімшелердің кезекші персоналы, «ПМХЗ» ЖШС-ның өндірістік операциялары бойынша инженер-диспетчері, «ПМХЗ» ЖШС ОБП-ның басшысы, МСБ кезекші бригадасы және «Күзет-Павлодардың» кезекші жасағы кірді.

Осылайша тактикалық жұмыстардың барысында азаматтық қорғаныс қызметтері мен «ЭЛМТГ» ЖШС апаттық-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіру барысындағы, сонымен қатар эвакуациялық шаралар кезіндегі бірлескен әрекеттерін пысықтап, өрт сөндіру жүйесінің сенімділігін арттыру мүмкіндігіне ие болды.

Мұндай оқу-жаттығулар азаматтық қорғаныс жасақтарын, апаттық-құтқару қызметтері мен технологиялық персоналды кәсіби даярлауда оң әсерін берумен қатар өрт шығу қаупі жоғары өндірістік жағдайларда құтқару операцияларының сәтті аяқталу ықтималдығын арттырады.

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото - Вадим Бердников
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу