«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
26.03.2025
87 просмотров
ПМХЗ шығармашыл белсенділерін марапаттады Павлодар мұнай-химия зауытының шығармашыл белсенділері Наурыз мейрамын атап өтуге қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Мұнай өңдеушілеріміз үшін түрлі байқаулар ұйымдастырып, керемет көңіл-күй сыйлаған қазақ тілі пәнінің оқытушысы Гүлназ Әлімқанова мен өндірістік активтерге техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеуді басқару департаментінің механикалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі жетекші инженері Әділ Қадырбеков басшылық атынан зор алғысқа ие болды.

Ал кірме жолдарға қызмет көрсету цехының монтері Хасенов Азамат пен сумен қамтамасыз ету және кәріз цехының тауар операторы Төлеуханов Дәуренді шығармашылық нөмірлер орындағаны үшін ерекше атап өтті.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Асылжан Жеңіс, вадим Бердников, Нурсултан Нурумов
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу