«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
27.03.2025
76 просмотров
ПМХЗ-да Жұмысшы мамандықтар жылының аясында балаларға арнайы экскурсия өткізілді ПМХЗ-да Жұмысшы мамандықтар жылының аясында зауыт қызметкерлерінің балалары үшін қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жас буын өкілдеріне шынайы еңбек жағдайларын көрсетіп, жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын жеткізу.
Экскурсия бірнеше кезеңнен тұрды. Ең алдымен балалар өндірістік объектілермен танысып, заманауи құрылғылар мен қондырғыларды көрді. Кейін оқу орталығына барып, зауыт қызметкерлерін дайындау мен кәсіби біліктілігін арттыру бойынша компьютерлік бағдарламаларды қызықтады.

Сондай-ақ, балалар үшін ерекше қызығушылық тудырған зауыт музейіне барып, кәсіпорын тарихы мен қызметкерлерінің жетістіктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Оқу-жаттығу полигонында балақайлар ата-аналары биіктікте қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын пысықтайтын арнайы құрылымдар мен жаттықтырғыштарды көрді. Экскурсия барысында бүлдіршіндер кәсіпорынның жұмысына қызығушылық білдіріп, әр түрлі сұрақтар қойды. Танымдық шара күн сайын балалардың ата-аналары тамақтанатын асханадағы тәтті шаймен аяқталды.

Іс шара жас ұрпақ үшін нағыз білім мен жаңалықтар күні болды. Олар гид болған ПМХЗ инженерлерін ерекше зейінмен тыңдап, зауыт туралы көптеген қызықты фактілерді білді. Технологиялар мен мұнай-химия процестерін түсіндірген мамандардың жұмысын бақылаған жасөспірімдер ерекше әсер алды.

Мұндай шаралар зауыттың жас қонақтары үшін болашақ мамандық таңдау мүмкіндігін кеңейтеді, сонымен қатар еңбекке деген құрметті қалыптастырып, техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын тудырады.

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Асылжан Женіс
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу