«Дөңгелек үстел» барысында спикерлер мен қатысушылар болашақ мамандармен жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, IT саласында жиі орын алатын оқиғалар жөнінде айтып берді. Сонымен қатар цифрлық технологиялар дамуының өзекті мәселелері мен даму перспективалары талқыланып, кәсіпорындағы қажетті негізгі компетенциялар сөз етілді.
ПМХЗ тарапынан кездесуге цифрландыру және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Дмитрий Осадчий қатысты. Зауыт өкілі студенттермен мұнай өндірісі секторының дамуы үшін үлкен маңыздылыққа ие ақпараттық технологиялар саласындағы жұмысқа қажетті қасиеттер, білім мен дағдылар жайлы әңгімелесті.
Дмитрий Осадчий
Іс-шара «Цифрландыру, ғылым мен инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында өткізілді. Жоба цифрлық трансформация, тиімді мемлекеттік басқару және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылыми үлесті арттыруға бағытталған.