«Counter-strike 2» кибертурнирдің бас ойыны ретінде таңдалуының өз себебі бар. Шутер жанрындағы онлайн ойын геймерлердің стратегиялық ойлау қабілетін жетілдіріп, аналитикалық дағдыларын дамытады. Бұл – кәсіпорындағы жұмыста күнделікті қолданылатын маңызды қабілеттер. Сондай-ақ спорттық сайыстар қызметкерлер үшін жақсы демалудың мүмкіндігі.
Бұл турнирге 5 адамнан тұратын ойыншылар топтары қатысты. Жарыстың негізгі кезеңі ВО1(1 жеңіске дейінгі топтық ойын), ал финалы ВО3 (екі жеңіске дейін) форматында өтті. Әр топта бір қосалқы ойыншыдан болды.
Ойын шынымен де қызықты әрі қызу өтті. Турнир барысында ойыншылар жеңіске жету үшін қажетті топтық ауызбіршілікті көрсете білді.
Тактикалық шешімдерді іс-жүзінде шебер қолданудың арқасында кибер ойын сайысында Мұнайды терең өңдеу өндірісінің командасы бірінші орынға қол жеткізді.
Екінші орын Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің ойыншыларына бұйырды.
Үшінші орынды Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу кешенінің тобы иеленді.
Басқа ойыншылар арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді:
4 орын – Жеңіл мұнай өнімдерін өңдеу өндірісі;
5 орын – Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі;
6 орын – Жөндеу-механикалық цехы;
7 орын – Сумен қамтамасыз ету және кәріз цехы;
8 орын – Бақылау-өлшеу аспаптары мен технологиялық үдерістерді автоматтандыру цехы;
9 орын – AVC;
10 орын – Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы:
11 орын – Бу-ауамен қамтамасыз ету цехы;
12 орын – Электрмен қамтамасыз ету цехы;
13 орын – Жөндеу-құрылыс-монтаждау цехы;
Қалыптасқан дәстүр бойынша жеңімпаздарға құттықтау дипломдары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Михаил Брюховец, Асылжан Жеңіс