ҚР-ның "Табиғи монополиялар туралы" заңына сәйкес ПМХЗ табиғи монополия субъектісі ретінде электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызмет үшін бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне (ТМРК) есеп беруге міндетті.
Бекітілген инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылу барысын тексеруді қоғамдық мониторинг өкілдері жүзеге асырады.
ПМХЗ-ға келген қоғамдық топ өкілдері аталмыш қаржылық жоспардың орындалу барысымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Инвестициялық стратегияның негізгі аспектілерінің бірі субтұтынушыларға электр энергиясын беру және таратуға қатысатын жабдықтарды жаңарту мақсатындағы май негізді вакуумды қосқышты ауыстыру болды.
Қаржыландыру реттелетін қызметтер аударымдары мен «ПМХЗ» ЖШС-ның өз қаражаты есебінен жүргізілгендіктен, аталмыш аппаратураның сатып алынуы бекітілген тарифтерді көтеруді қажет етпеді.
Зауыттың электр энергиясын беру және тарату бойынша қызмет көрсету саласындағы инвестициялық бағдарламаның орындалуын «DB Energoaudit» ЖШС уәкілетті ұйымы да растады. Бұл сараптау компаниясы жүргізілген техникалық сараптамадан кейін электр энергиясын беру және тарату бойынша қызмет көрсету саласындағы инвестициялық бағдарламаның орындалуы жайлы оң тұжырымын берді.
Зауыт өз қызметін үздіксіз жетілдіруге тырысады. Инвестициялық бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуы мен тарифтердің өсімінсіз қызмет алушылар қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы - бұның айқын дәлелі.
Анықтама үшін:
"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС табиғи монополиялар субъектісі рөлін атқарып, зауытқа жақын жерде орналасқан әр түрлі салада жұмыс істейтін 16 субабонентке электр энергиясын беру және тарату бойынша қызмет көрсетеді.