Жаңа бас директорды кәсіпорын ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов таныстырды.
М. Ахметов еңбек жолын 2010 жылы «ПМХЗ» ЖШС-де технологиялық қондырығылар операторы болып бастады:
- 2010-2013 жж. – №3 технологиялық цехтың күкірт шикізатын абсорбациялау және газбен фракциялау қондырғысының 4-разрядты технологиялық қондырғылар операторы
- 2013-2016 жж. – №3 технологиялық цехтың өндірісті дайындау жөніндегі инженері
- 2016-2017 жж. – мұнайды бастапқы өңдеу кешенінің нафта сплиттері және изомерлеу қондырғысының 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы
- 2017 ж. қыркүйек - желтоқсан – жеңіл мұнай өнімдерін өндіру кешені изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы
- 2017-2018 жж. – жеңіл мұнай өнімдерін өндіру кешені/мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының бастығы
- 2018-2019 жж. – мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің операциялық үйлестірушісі
- 2019-2021 жж. – мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің аға операциялық үйлестірушісі
- 2021-2022 жж. – жеңіл мұнай өнімдері өндірісінің бастығы
- 2022 – 2024 жж. – өндіріс департаментінің техникалық бөлім бастығы – бас технолог
- 2024 ж.қазан – 2025 ж. қантар – бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженердің міндетін атқарушы
Бұл тағайындауға дейін «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженер қызметін атқарды.
ҚМГ басшысы ПМХЗ-ның жаңа бас директорына өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтай отырып, зауыттың тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, кәсіпорынның операциялық тиімділігін арттыру, жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру, соның ішінде дизель отынын гидротазарту қондырғысын реконструкциялау және кеңейтілген жөндеу аралық кезеңге көшу бойынша нақты тапсырмалар берді.
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нің жалғыз қатысушысы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ шешіміне сәйкес ПМХЗ-ның бұрынғы бас директоры (Басқарма төрағасы) Қуаныш Ердәулетұлы Бишімовтің өкілеттігі тоқтатылды.
ҚМГ Баспасөз-қызметі
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото — Илья Величко