«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
15.04.2025
53 просмотров
ПМХЗ-дағы Жұмысшы мамандықтар жылы. Мәди Төлендинов

Мәди Маратұлы Төлендинов – ПМХЗ-ның жас маманы. Ол Ашық түсті мұнай өнімдерін өңдеу өндірісіндегі изомеризациялау және нафта сплиттері қондырғысының 5 разрядты технологиялық қондырғылар операторы болып жұмыс істейді. Президентіміз жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылының аясында біз әріптесіміз қызметінің қыр-сырларымен бөлісетін арнайы мақала дайындадық.

Мәди Төлендинов 1995 жылдың 30 қазанында дүниеге келді. 2015 жылы Павлодар химия-механикалық колледжін «мұнай мен газды өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша, ал 2019 жылы Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетін «химиялық технология» мамандығы бойынша тәмамдады.

Мәдидің бұл мамандықты таңдауы оның мектеп оқушысы кезінен-ақ химияға деген қызығушылығымен байланысты. Мұнай өңдеу Мәдидің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беретін сала болды. «Мұнай өңдеу мен үшін күрделі химиялық және инженерлік үдерістердің бір-бірімен байланысып, динамикалық әрі зияткерлік серпіліс ортасын қалыптастыратын  сала ретінде көрінді», - дейді ол.

Мәдидің мамандықтағы үлгі тұтатын тұлғасы техникалық салаға өмірін арнаған атасы болды. Оның оң ықпалымен  Мәди болашақ технолог маман ретінде қалыптаса бастады.

Өндірістегі жұмыс қашан да технологиялық үдерістерге қатысты терең білім мен түсінікті, регламенттер мен қауіпсіздік техникасының қатаң сақталуын және нормалардан кез-келген ауытқушылықтарға жылдам жауап беру қабілетінің болуын қажет етеді. Сол себепті Мәди үшін ең маңызды жұмыс қағидаларына қауіпсіздік, жауапкершілік, аналитикалық ойлау қабілеті, жеке даму мен топтық ауызбіршілік жатады.

Жас оператордың айтуынша оның саласында жұмыс істеу үшін ең алдымен мұнай өңдеудің технологиялық процестерін терең меңгеріп, техникалық құжаттамамен және сызбалармен, бақылау және автоматтандыру жүйелерімен жұмыс істей білу қажет. Сонымен қатар штаттық емес жаңдайларда жылдам шешім қабылдай алу аса маңызды.

Мәди Төлендинов кәсіби дамуды үздіксіз жүретін үдеріс деп қабылдайды. Ол жаңа оқыту бағдарламаларын меңгерудің арқасында білімін шыңдаудан шаршамайды. Осылайша маманның дамуға деген ұмтылысының нәтижесі оның аға оператор мен қондырғы басшысының мінетін атқарушы лауазымына дейін көтерілуі болды.

Мәди Төлендинов әріптестерімен

«Менің ойымша мен таңдаған мамандық болашақта да өзекті болмақ. Балама энергия көздерінің дамуына қарамастан мұнай өнімдері әлі де әлем экономикасында жетекші орын алады. Ол көліктерді, өнеркәсіптерді және тұрмыстық саланы отынмен қамтамасыз етеді. Мұнай өңдеу саласы тиімділік деңгейін арттыру және қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатындағы жаңа технологияларды енгізіп, үздіксіз дамып келеді. Бұл сала мамандары сапалы мұнай өнімдерінің тұрақты және қауіпсіз өндірісін қамтамасыз ету, сондай-ақ инновацияларды енгізу және өзгеріп тұратын энергетикалық қажеттіліктерге бейімделу үшін сұранысқа ие болады. Менің жұмыс тәжірибем, ұстанатын қағидаларым, қалыптасқан дағдыларым мен басшылық лауазымдарға оқу және бүгінгі күні осы міндеттерді орындауымды қамтитын дамуға деген ұмтылысым осы мамандықтың ұзақ мерзімді өзектілігіне деген сенімімді растайды», - деп Мәди Төлендинов өз ойымен бөлісті.

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Есенжол Исабек

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу