«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
17.04.2025
62 просмотров
ПМХЗ спортшылары гір көтеруден тартысқа түсті ПМХЗ құрылымдық бөлімшелері арасында өтіп жатқан Спартакиада-2025 аясында гір көтеруден жарыс ұйымдастырылды. Спорттық сайыс сәуірдің 6-шы жұлдызында «Қайсар» жасөспірімдер клубында өтті.
Біріншілікте әрқайсысы 80, 90 және 90+ салмақ тобының өкілі болып табылатын 3 адамнан тұратын топтар жарысты. Топтың нәтижесі әр спортшы жинаған ұпайлардың қосындысы ретінде саналды.

Төрешілікті Павлодар облысының гір спорты мен армрестлинг федерациясы өкілдері атқарды. Іс-шара ұйымдастырушылары – «Нефтепереработчик» жергілікті кәсіподақ» ҚБ.

Спорттық дода ҚР-ның гір спорты мен армрестлинг федерациясының ережелеріне сәйкес өткізілді. Қатысушылар екі жаттығудан орындауға міндеттелді: екі гірді кеудеден көтеру, гірді бір қолмен жұлқи көтеру. Екі кезеңді қосып есептегендегі ең көп ұпай жинаған спортшылар жеке біріншіліктің жеңімпаздары атанды.


Топтық есепте бірінші орын 295,5 ұпай жинаған Мұнайды компаундирлеу және тиеу өндірісінің (МКТӨ) командасына бұйырды.

Күміске 179 ұпай жинаған Нафта сплиттері өндірісінің (НСӨ) спортшылар тобы ие болды.

Ал топтық есепте 170,5 ұпаймен Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы (КӨжәнеЖЗШ) өкілдері үшінші орын алды.

Жеке біріншіліктің нәтижелеріне сәйкес «80 кг» салмақ категориясы бойынша Аяз Хасенов (МБӨӨ) жеңімпаз атанды. 

Екінші орын Болат Искаковқа (КӨжәнеЖЗШ).

Болат Искаков (сол жағында)

Ал үшінші орын Марат Сембинге (МКТӨ) бұйырды.

«90 кг» салмақ категориясында бірінші орынды МКТӨ-ден Владимир Батяшов алды.

Одан кейін нәтижелер кестесінде Жөндеу-монтаждау цехының өкілі Бұлан Қыңырбеков орналасты.

Булан Кынырбеков (сол жағында)

Үшінші орын АМӨӨӨ-ден Қонарбаев Бейбітте.

Ал ең соңғы «90+» санатында Андрей Гармазов – МТӨӨ үздік атанды.

Андрей Гармазов

Ал бу-ауамен жабдықтау цехында жұмыс істейтін Арнур Сәрсенбаев екінші болды.

Одан кейінгі үшінші орын АМӨӨӨ өкілі Мамаев Хамзатқа бұйырды.

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Рустэм Ануарбеков
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу