«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
22.04.2025
33 просмотров
ПМХЗ-да өрт сөндірудің жаңа жүйесі енгізілуді Жуырда жаңа торпатарда №1 және №2 битумды автомобильді цистерналарға құю бойынша тестілеу өткізілді. Оның мақсаты – өрт шығуды бақылау.
Өрт сөндіру жүйесі «Мұнайбитум құю тораптарын салу» жобасының құрамына кіреді, әзірлеушісі – «ЭОН-Энерго» ЖШС. Жүйенің міндеттері: битум өндіру қондырғысының технологиялық персоналын қолмен іске қосылатын хабарлағыштар немесе термокәбілдердің іске қосылуы туралы уақтылы хабардар ету, өрт сөндіру сорғыларын автоматты түрде қосу, тиісті құю торабының су бүріккіштеріне көбік сөндіру ерітіндісін беру, сондай-ақ іске қосылу туралы сигналды өрт сөндіру бөлімінің пультіне беру.

Жаңа өрт сөндіру жүйесінің өрт сөндіру аумағы – 73 м². Көбіктің өнімділігі – 600 л/с. Өрт сөндіру жүйесіндегі жалпы су қоры – 1600 м³, көбік түзу концентратының қоры – 8,64 м³.

Құю тораптары 2025 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі.

Битум өндіру қондырғысында жаңа өрт сөндіру жүйесінің жұмысын тексеру мақсатында 2025 жылдың 10 және 18 сәуірінде сынақтар өткізілді.

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Екатерина Лобашевская
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу