«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
25.04.2025
33 просмотров
Павлодар мұнайхимия зауытында мұнайды өңдеу тарифі өзгереді «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС («ПМХЗ» ЖШС) 2025 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енетін мұнай өңдеу тарифінің жоспарлы өзгерісі туралы хабарлайды. Жаңа тариф тоннасына 35 400 теңгені құрайды (ҚҚС есептемегенде).
Бұл шешім өндірістік процестердің сенімділігі мен тиімділігін, экологиялық қауіпсіздігін қаматамасыз етуге бағытталған негізгі инвестициялық жобаларды қаржыландыру қажеттілігіне байланысты қабылданып отыр. Атап айтқанда, 2025 жылы ПМХЗ-да мынадай іс-шаралар қолға алынып, іске асырылуда:

• Дизель отынын гидротазарту қондырғысын қайта құру. Бұл өнімнің сапасын жақсартуға және оның заманауи экологиялық стандарттарға сәйкес келуіне мүмкіндік береді.

• Барынша тұрақты және болжамды өндірістік циклды қамтамасыз ететін кеңейтілген жөндеуаралық кезеңге көшу, сондай-ақ қайталама процестердің жүктемесін ұлғайту нәтижесінде мұнай өнімдері себетін жақсарту.

• Операциялық тәуекелдерді төмендетуге және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін көтеруге ықпал ететін технологиялық процестерді басқару жүйелерін автоматтандыру.

Аталған шаралар кәсіпорынның тұрақты дамуына және өңдеудің жоғары деңгейін сақтауға бағытталған. Инвестициялық жобаларды іске асыру жеңіл мұнай өнімдерінің өнімділігін 73%-дан 75% -ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ПМХЗ-дағы ағымдағы осы жұмыстар 2025 жылғы сәуірдегі мұнай жеткізушілер үшін өнім себеті құнын 2024 жылмен салыстырғанда 6%-ға өсіруге жол ашады және бұл өңдеу тарифінің өсуін бәсеңдетеді.

ПМХЗ ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Евгений Волков
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу