«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы өндірістік қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту мақсатындағы 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес автокөлік паркін жаңарту қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл пайдалану мерзімі 7 жылдан аспайтын көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану талаптарымен тікелей байланысты.
