Спартакиада-2025 аясында Павлодар мұнай-химия зауыты қызметкерлері арасында волейболдан тартысты турнир өтті. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды: топтық ойындар 5 және 12 сәуірде өтсе, шешуші финалдық кездесулер 13 сәуірде «Автомобилист» спорт кешенінде ұйымдастырылды.

