«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
06.05.2025
1 просмотров
«Батыр бабалар». Танкистің өшпес ерлігі Мен, Файзуллин Қабидолла Жұмагелдіұлы, Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісіндегі жобаларды сүйемелдеу бойынша бас маман болып жұмыс істеймін. Жеңіс күні қарсаңында танкист атам, Ұлы Отан соғысының ардагері Файзулла Мүтәліпов (1923-1990) жайлы айтқым келеді.
Файзулла Мүтәліпов Қазақ КСР-інің Ақтоғай ауданында 1923 жылы дүниеге келді. Жастайынан ауыр соғыс жылдарын бастан өткерген ол, небәрі 17 жасында майданға өз еркімен аттанады (1941 жылдың күзіне қарай 18 жасқа толды). Алдыңғы шепке шықпас бұрын Файзулла жарты жыл бойы әскери дайындықтан өтіп, танкист мамандығын меңгереді.

Кіші сержант шенін алғаннан кейін Файзулла Мүтәліпов танк экипажында механик-мерген болып қызмет етеді. Оқытудан өткен соң ол Ұлы Отан соғысының майданына жіберіледі. Курск түбіндегі шайқастың нағыз қызған шағында, 1943 жылдың 12 шілдесінде Прохоровка түбіндегі аңызға айналған ұрыста ерлікпен шайқасады. Бұл тарихтағы ең ірі танк шайқастарының бірі саналады. Екі жақтан бір уақытта шамамен 1200 танк пен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар қатысқан. Прохоровкадағы танк шайқасы Курск доғасының шешуші кезеңіне айналды. Файзулла сол ұрыста батырлық пен қайсарлық танытып, ерен ерлігімен ортақ Жеңіске үлес қосты.

Файзулла Мүтәліпов соғыстан абыроймен оралып, «танкист-батыр» атағын ақтады. Ол «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, ІІ және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен, сондай-ақ І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Соғыстан кейін туған еліне адал еңбек етіп, еңбек ардагері атанды.

1990 жылы өмірден өткенге дейін Файзулла Мүтәліпов ұрпақтарына отансүйгіштік қасиеттерді дарытуға тырысты. Жауынгердің батырлық жолы мен ерен еңбегі туған-туыстары мен жерлестерінің жадында мәңгі сақталады. Оның жауынгерлік жолы Отанға деген сүйіспеншілік пен ерліктің шынайы үлгісі болып қала бермек.

Қабидолла Файзуллин

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу