«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
08.05.2025
1 просмотр
«ПМХЗ» ЖШС Бас директорының 9 Мамыр мерекесімен құттықтауы Құрметті әріптестер!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – батыр бабаларымыздың жанқияр ерлігі мен ерен еңбегін еске алып, олардың рухына тағзым ететін қастерлі мереке. Жеңіс күні – бейбіт өмірдің, балалар күлкісінің, ашық аспанымыздың қадірін ұқтыратын ерекше күн.
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, шынайы достық, жүректеріңізге мейірім мен тыныштық тілеймін. Бейбіт күннің қызықтарына ұзағынан сүйіндірсін!

Құрметпен,
«ПМХЗ» ЖШС Бас директоры
Маждай Ахметов


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу