«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
14.03.2016
541 просмотров
Қазақстандық мердігерлік компаниялардың бірі Атырау МӨЗ-індегі Мұнайды тереңде өңдеу кешені (МТӨК) «Еламан-Ойл» ЖШС – әкімшілік-тұрмыстық кешеніндегі (ӘТК) құрылыс монтаж жұмыстары мен трансформаторлық кешеннің құрылысын аяқтадуда.
Кешенде 90 адам еңбек етеді, жұмыс толық қамтылып, қарқынды жүргізілуде. Әкімшілік-тұрмыстық ғимараты үш қабатты, қасбеті мен қабырғаларын өңдеу аяқталды.
– Осы кешенде жұмыс істеп жатқан отандық мердігерлік компания қойылған талаптарды дұрыс орындайды, – дейді МТӨК құрылыс бөлімінің жетекші маманы Мухамедьяр Нугманов.
ӘТК-ның барлық қабаттарының өзіндік ерекшелігі бар, бірінші қабатта электр щиттар, сумен қамту торабы, желдеткіш камера, арнайы киім үшін қойма, сонымен қатар 208 адамға есептелген гардероб, 8 адамға есептелген душ бөлмесі, 70 адамдық киім ауыстыратын орын жасалған.
Екінші қабатта – үлкен жұмыс аймағы, онда операторлар, МТӨК-тің басшылық құрамына арналған 4 кабинет, 160 және 84 адамға арналған екі гардероб орналастырылған.
Үшінші қабатта, МТӨК мамандарымен қатар Хош иісті көмірсутек өндіретін кешен жұмыс істейді – ХӨК. Бұл қабатта 50 адамдық конференц – зал, ас үйі бар асхана бар. Жақында желдеткіш камерасын орнатамыз. Бүгінгі таңда жұмыс 90% аяқталды. Қазіргі уақытта есіктер қондырылып ішкі өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстарды бітірген соң, мердігер қажетті жабдықтарды жеткізіп қондырып береді.
– Әкімшілік тұрмыстық кешенді энергиямен үздіксіз ТП-84 автономды трансформаторы қамтамасыз етеді. Трансформатор ғимаратының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу алдында, қазір ішкі өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Жақында жабдықтар әкелініп қондырылғаннан бастап, трансформатор кешені қолданысқа беріледі, – дейді Мухамедьяр Нугманов.
Сондай ақ, АМӨЗ-де жалпы көлемі 480м2 болатын реагенттерді төгу торабының құрылысы аяқталды. Кешен темір жол вагондарынан – цистерналарынан сілті және натрий гипохлоридтерді төгуге арналған.
Реагенттік шаруашылыққа жататын тағы бір нысан – реагенттер паркі өз жұмысын бастады. Қолданыстағы қоймада сақтау үшін реагенттер паркі қабылдап алу, сақтау, қажетті концентрациядағы қоспаны дайындау және оны технологиялық қондырғыларға жіберу, гиплохлорид натрийді қабылдап және мөлшері орташа контейнерлерге құюға арналған.

«АМӨЗ» ЖШС Жұртшылықпен байланыс бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу