«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
08.05.2025
38 просмотров
«Батыр бабалар». Жеңіс жолында хабарсыз кеткен атам Мен, Айна Жақсылыққызы Төретаева, №1 қойма есеп технигі, «Батыр бабалар» айдары аясында Ұлы Отан соғысы ардагері, туысым Жуаныш Байсалбаев туралы баяндап өткім келеді.
Ол 1904 жылы дүниеге келген. 1942 жылдың 20 қаңтарында Қызыл әскер қатарына шақырылды. Қостанай облысы Жетіқара аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған.

Әскери қызметін 1-Беларусь майданының 392-атқыштар полкі, 73-атқыштар дивизиясы, 29-атқыштар корпусы, 48-армия құрамында өтеді. Қызыл Ту орденінің иегері.

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің орталық архиві мәліметіне сәйкес, «хабар-ошарсыз кеткен» деп тіркелген.

Сол жылдардағы деректерде былай делінген: «1904 жылы туған Жуаныш Байсалбаев Қызыл Ту орденімен марапатталады. Ол 1944 жылдың 26 маусымында Гомель облысы, Жлобин ауданына қарасты Святое елді мекенін шабуылмен алу кезінде, жаудың ауыр пулемет және автоматтық отына жаудыруына қарамастан, батпақты, қиын өткелді жерді еңсеріп, елді мекенге бірінші болып кіріп, қол пулеметімен 15 неміс солдатын қырып салған. Сол күні ол шегініп бара жатқан жауды қуып, Змеевка ауылы маңында тағы 3 жауынгер мен бір офицердің көзін жойып, қарсылас тараптың 7 солдаты мен 1 офицерін тұтқынға алды».

Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға аттанған көп жандар секілді Жуаныш Байсалбаев та өз өмірін қиып, Отанын қорғады, ауыр да ерлікке толы жолды өткерді. Оның есімі жүрегімізде мәңгі сақталады.

Айна Төретаев

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу