Ақпан және наурыз айларында біздің бірнеше әріптестеріміз әр түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Олардың әрқайсысының жоғары біліктілікті маман болуға мүмкіндік берген кәсіпқойлығы мен жеке қасиеттері аталып өтті.
Марапатқа ұсынылғандардың ішінде мадақтауға лайықты № 3 (КТ-1) технологиялық цехтың сутек өндіру қондырғысының 6 разрядты операторы Иван Семенихин бар.
Жұмыстағы тұрақты жоғары көрсеткіштері үшін біздің әріптесіміз ҰК «ҚазМұнайГаз» АҚ «Үздік маман» медалімен марапатталған. Өз біліктілігі мен білімділігін күнделікті еңбекпен ғана емес, сондай-ақ кәсіптік шеберлік конкурсындағы жоғары нәтижесімен екі мәрте растады. 2009 жылы зауытта өткен «Үздік маман» конкурсында 2 орынға ие болса, 2014 жылы өз нәтижесін жақсартып жеңімпаз атанды. Өз еңбегіңінің лайықты марапатын ол ҰК «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мынбаевтың қолынан алды.
Биылғы көктемде Халықаралық әйелдер күніне орай ПМХЗ ұжымының нәзік жандарының кәсіби еңбектерінің жоғары жетістіктері аталып өтті. №11 (орталық зауыт зертханасы) цехы тауарлық зертханасы бастығы Татьяна Крахалёва «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеевтың Құрмет грамотасының иегері болды. Мереке қарсаңындағы кездесулер қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен болған мерекелік концерттен басқа біздің әріптесімізге және қор компаниясының басқа да қызметкерлеріне Астана қаласындағы ҚР Ұлттық Мұражайға, Хазырет Сұлтан мешітіне және Байтерек монументіне экскурсия ретінде тосын сый жасалды.
Марапатқа зауыттың басқа да жұмыскер әйелдері де ие болды. Павлодар қаласы әкімі Болат Бакауовтың алғыс хатымен №61 (зауыт басқармасы) бас механик бөлімінің жетекші инженері Есенкүл Аймбетова мен №11 (орталық зауыт зертханасы) цехы тауарлық зертханасы бастығы Раушан Карибаева марапаталды. Қалалық мәдениет сарайында зауыттың жұмыскер-әйелдеріне арналған салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шарадан кейін олар кала басшысымен фотоға түсті.