«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
09.05.2025
39 просмотров
ПМХЗ тыл ардагерлерін 9-Мамыр мерекесімен құттықтады Жастар ісі жөніндегі кеңес пен ПМХЗ ардагерлер кеңесінің мүшелері игі дәстүр бойынша тыл еңбеккерлерін – кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Мереке қарсаңында жанқиярлық еңбектері үшін оларға жылы лебіздер айтылды.
Тылда Жеңісті жақындату жолында қиын-қыстау жағдайда, денсаулығына қауіп төнсе де, қажырлы еңбек еткен зауыттың тоғыз жұмысшысы ғана аман қалды:
- Раида Андреевна Баканова;

- Валентина Александровна Вохмякова;

- Зинаида Михайловна Демченко;

- Михаил Федорович Корол;

- Николай Николаевич Кулешов;

- Тамара Фоминична Романовцева;

- Августа Михайловна Филимонова;

- Мария Дмитриевна Черемпей;

- Борис Терентьевич Чижов.

Барлық тыл ардагерлеріне Бас директордың атынан құттықтау сөздер, гүл шоқтары, азық-түлік табыс етілді, сонымен бірге қаржылай көмек де көрсетілді.

Ардагерлерді Дінмұхаммед Рүстемов (сатып алулар департаменті), Дария Сагитова (мұнай маркетингі департаменті), Әділбек Аманжолов (МКТӨ), Ермұхан Көшенов (СжәнеК) құттықтады.

2025 жылы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстанның мұнай-газ және энергетика саласы қызметкерлерінің – Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбек ардагерлерінің қосқан үлесіне арналған Kazenergy естелік альбомы шығарылды. Бұл басылымда ПМХЗ қызметкерлері де болды. Жиында тыл ардагерлеріне аты-жөні, әңгімелері жазылған мерекелік кітапшалар таратылды.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу