Тартысты кездесулердің қорытындысы келесідей болды:
1 орын – «ПМХЗ» командасы (Павлодар мұнай-химия зауыты);
2 орын – «Қазақстан Алюминийі» АҚ командасы;
3 орын – Ақсу ферроқорытпа зауытының командасы.
Жеке шеберлігімен көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды:
Үздік ширатушы – Батырхан Сембаев («АФЗ»).
Үздік орталық ойыншы – Евгений Зайцев («Қазақстан Алюминийі»).
Үздік шабуылшы – Темір Құрбаев («ПМХЗ»).
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімін «ПМХЗ» ЖШС бас директордың орынбасары-техникалық директор Сергей Петрук жүргізді.
Бұл турнир нағыз спорт мерекесіне айналып, ұжымдық бірлік пен жұмысшы мамандықтарына деген құрметтің символы болды. Барша қатысушыларға, жанкүйерлерге және ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз!
«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Илья Величко