«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
13.05.2025
23 просмотров
ПМХЗ-да «СЖС Қазақстан ЛТД» компаниясымен бірлескен өртке қарсы оқу-жаттығулар өтті ​2024 жылдың 29 сәуірінде ПМХЗ мен «СЖС Казахстан ЛТД» компаниясы бірлесіп өртке қарсы оқу-жаттығу өткізді.
​Іс-шараның негізгі мақсаты — ұнтақты және көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштер сияқты алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану дағдыларын пысықтау.
Оқу-жаттығу ПМХЗ-ның Орталық зертханасы мен «СЖС Қазақстан ЛТД» шетелдік кәсіпорнының ғимараты маңында өтті. Оған «ПМХЗ» ЖШС-ның қолдауымен «Өрт-Сөндіруші» өрт және газ қауіпсіздігі отрядының 5 маманы мен бір арнайы техникасы қатысты.

​Оқу-жаттығу алдындағы бастапқы нұсқаулықты қатысушыларға «Семсер-Өрт Сөндіруші» ЖШС-ның филиал маманы жүргізіп, өрт сөндіргіштерді дұрыс пайдалану тәртібі мен өрт шыққан кездегі негізгі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

​Іс-шара барысында мердігер ұйымның еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша инженері Виталий Желнин мен өрт қауіпсіздігі қызметі мамандарының жетекшілігімен «СЖС» қызметкерлері өрт сөндіргіштерді қолдану ережелерін меңгеріп, білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті. Оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету алгоритмдері шыңдалып, өндірістегі қауіпсіздік мәдениеті мен дайындық деңгейі артты.

​Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған бұл шараға «СЖС Қазақстан ЛТД» ШК ЖШС-ның 35 қызметкері қатысты.

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото - Вадим Бердников, Айнаш Мажит
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу