Турнирге өңірдің жетекші кәсіпорындары қатысты. Спортшылар жақсы дайындықтары мен күш-жігерін көрсетіп, жеңіске деген нағыз құлшынысты паш етті. Қызықты әрі тартысты ойындардың нәтижесінде жүлделі орындар келесідей тағайындалды:
1 орын — «ҚазТрансОйл» АҚ;
2 орын — АФЗ (Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Қазхром» АҚ филиалы);
3 орын — «ПМХЗ» ЖШС.
Сонымен қатар, турнирдің ең үздік ойыншыларына жеке марапаттар табысталды:
Үздік ширатушы — Евгений Гречка («ҚазТрансОйл»).
Үздік шабуылшы — Дидар Нығметов (АФЗ).
Үздік бұғаттаушы— Ербол Манарбеков (ПМХЗ).
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімін ПМХЗ бас директорының орынбасары-техникалық директор Сергей Петрук өткізді. Ол құттықтау сөзінде корпоративтік спорттың ұжым ауызбіршілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті.
Турнир достық пен әділ жарыс рухында өрбіді. Ол жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шаралар қатарында еңбек адамдарын қолдауға және олардың еңбегін бағалауға бағытталған маңызды оқиғалардың бірі болды.
«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Илья Величко