«Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастамасымен жүзеге асырылып жатқан JanAru (Жаңару) бағдарламасы бойынша жұмысшы әйелдерді қолдау мақсатында ПМХЗ-ның қызметкер әйелдері Ақтау қаласында өткен «Ысырапсыз ойлау» курсы бойынша білім алды. 28–29 сәуір күндері өткен іс-шара ҚМГ-ның еншілес ұйымдарынан келген 40-қа жуық әйел қатысушыны біріктірді.



