«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
30.03.2016
234 просмотров
Қазақстанда «ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май құю станцияларында клуб жүйесі енгізілді «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-да клуб жүйесі енгізілді, ол «ҚазМұнайГаз Клуб»/«KMG Club» картасының әрбір иеленушісіне жеңілдікпен құйып алуға мүмкіндік береді. Әрі жеңілдік сомасы клиенттердің өздеріне байланысты: литрін көп құйсаңыз, сонша жеңілдік аласыз.
«ҚазМұнайГаз Клуб»/«KMG Club» картасының 3 деңгейі бар: отынға (мемлекеттік реттеу белгіленетін СМГ және отын түрлерінен басқа) тиісті жеңілдік жүйесімен Standard, Silver және Gold:
           
  Айына сатып алатын литр көлемі және карта түрі   Standard (0-149 л)     Silver
(150-349 л)
  Gold (350 л және жоғары) 
  Жеңілдік сомасы    1 теңге    2 теңге    3 теңге 


Клуб картасын иеленушілері үшін жеңілдіктен басқа компанияның қалауына қарай туған күндегі, мерекелердегі жеңілдіктер, жергілікті, сыйлық және отын жеңілдіктері және басқалары сияқты әр түрлі бонустар қарастырылған.
Сондай-ақ, кемінде 300 литр кез келген отын түрін 31 мамырға дейін сатып алған клуб картасын иеленушілер ғана акцияларға және бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Басты сыйлық – автомобиль!
– Біздің компанияда алғашқы рет клиенттердің ниеттестігін қолдаудың ұқсас жүйесі енгізілуде. Ұйымдардың көбі тұтынушыларға бонустық карта ұсынады. Біз де басқа өнімді – лезде жеңілдік жүйесін енгізуді шештік, ол карта иеленушінің өзіне жеңілдік мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Жеңілдіктен басқа, «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желілерінің клиенттерінде үш автомобильдің біреуін, машинаға арналған әр түрлі аксессуарлар мен басқа да көптеген сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігі бар, – деп атап өтті «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры Геннадий Морозов.
1 наурыздан бастап клуб картасын барлық ЖМҚС мен сату орталықтарынан сатып алуға болады. Кім бірінші болып клуб картасын сатып алса, сол 2016 жылғы 31 мамырға дейін Gold жеңілдік деңгейін сыйлыққа алады.

«ҚМГӨ» ЖШС баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу