Мұнайды терең өңдеу кешенінде (МТӨК) жұмыс істеу үшін персоналды дайындау бағдарламасы шеңберінде Атырау мұнай өңдеу зауытында жаңа технологиялық қондырғыларда «химиялық технология» кәсібі бойынша жұмыс істеу үшін оқытулар басталды.
Оқыту барысында инженерлік-техникалық жұмыскерлер және МТӨК-тің негізгі технологиялық торабы – каталитикалық кретинг қондырғысының мамандары дайындалады.
Оқыту отандық мердігердің күшімен, Атырау мұнайгаз институтының ең үздік оқытушыларын тартумен өткізіледі. Ғалымдар тыңдаушыларды мұнай өңдеу зауытының жабдықтарымен, химиялық технологияның негіздерімен және жалпы зауыттық шаруашылықпен таныстырады, МТӨК мұнай өңдеу процестерінің қыр-сырын түсіндіреді. Оқыту сапасын жақсарту мақсатында 75 қатысушы 3 топқа бөлініп оқытылады. Бірінші топтың оқытулары 18 наурызда аяқталды.