«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
26.05.2025
37 просмотров
ПМХЗ-да «Үздік маман» кәсіби байқауы өтіп жатыр Павлодар мұнай-химия зауытында жыл сайын «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы өткізіледі.  Шараның мақсаты – білікті мамандарды анықтау мен қолдау, жас кадрларды тәрбиелеу және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру.
Биыл байқауға келесі мамандық иелері қатысуда:
1) технологиялық қондырғылар операторлары;
2) технологиялық сорғылар машинистері;

4) тауар операторлары;

5) компрессорлық қондырғылар машинистері;

5) химиялық талдау зертханашылары;

6) технологиялық жабдықтарды жөндеу слесарьлері;

7) бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарьлері (прибористер);

8) электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электрмонтерлері;

9) электргаздәнекерлеушілер;

10) токарьлер / әмбебап станокшылар.

Соңғы екі аталым бойынша байқау биыл алғаш рет өткізілуде.

Сайыс екі кезеңнен тұрады: цехішілік (цех қызметкерлері арасында) және зауытішілік (цехішілік кезең жеңімпаздары арасында). Әр кезеңнің ішінде екі бөлім бар: теориялық (тест тапсырмалары) және практикалық.

Жеңіске жету үшін қатысушылар барлық тапсырмаларды ережеге сай орындауы тиіс. Бағалау критерийлеріне тапсырмаларды дұрыс орындау, еңбек қауіпсіздігін сақтау, орындау жылдамдығы, әрекеттердің дұрыстығы мен реті, сондай-ақ тапсырманы орындау кезіндегі түсіндірмелердің толыққандылығы жатады. Жинаған ұпайлар негізінде жеңімпаздар анықталып, олар «Үздік маман» деген атаққа ие болады және I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Қазіргі таңда «Үздік приборист», «Үздік электрмонтер», «Үздік токарь/әмбебап станокшы» және «Үздік компрессор машинисі» аталымдары бойынша байқаулар өтті.

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Вадим Бердников
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу