«ҚМГ-ӨМ» АҚ компаниялар тобында әлеуметтік тұрақтылық индексі жоғарылауда
15.04.2016
652 просмотров
«Әлеуметтік серіктестік орталық» Корпоративтік қорының зерттеулері нәтижесінде «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ компаниялар тобында әлеуметтік тұрақтылық рейтингі 78%-ға өсті.
Орталық өкілдерінің деректері бойынша, 2013 жылы Рейтингті анықтау үшін зерттеу жұмыстары басталғанда ҚМГ-ӨМ рейтингі 64% болатын.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ компанияларының Рейтингілер дәрежесін кешенді түрде анықтау әдістемесі авторлық құқық нысаны болып есептеледі (Мемлекеттік тіркелу куәлігі № 572, 2014 жылғы 23 сәуір). Зерттеудің мақсаты әлеуметтік жағдайды мониторингтеу және оның негізінде компаниялар өткізетін әлеуметтік саясаттың тиімділігін анықтау. Рейтингті анықтау кешенді іс-шарасына (бірқатар әлеуметтік сауалнамалар, статистикалық анықтамалардың анализдері және басқалары) Қазақстанның барлық аумағынан «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ компаниялар тобының 1500 қызметкері қатысты.
«ҚМГ-ӨМ» АҚ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі