Мамыр айында кәсіпорын спортшылары «Президенттік миля» жаппай жүгіру жарысына қатысты. Оның жалғасы ретінде ұлттық боулинг саналатын асық ату ойындары өткізілді. Спорттық додалар орталық стадионда өтті. Спорттық сайыстың екі түрі де «Спартакиада-2025» аясында ұйымдастырылды.








