«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
25.04.2016
230 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауытының модернизациялау нәтижелері бойынша жиналыс Қазақстан Республикасының энергетика Министрі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен Атырау мұнай өңдеу зауытының модернизациялау мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.
«АМӨЗ» ЖШС-ның Бас директоры Қайрат Оразбаев өз баяндамасында, зауыттың жаңғырту жобасына « Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені» (ХӨК) және «Мұнайды терең өңдеу кешені» (МТӨК) кіретіні жайлы мәлімдеді.
4 желтоқсан 2015 жылы ХӨК объектілерінің бірінші іске қосу кешені құрамында ҚР Энергетика Министрлігі, "Қазмұнайгаз" ҰК АҚ, "Қазмұнайгаз – өңдеу және маркетинг" АҚ, Атырау облысы әкімдігі, Мемлекеттік бақылаушы органдарының өкілдері бар, Мемлекеттік қабылдау комиссиясымен іске қабылданды. 25 желтоқсан 2015 жылы екінші іске қосу комплексінің жалпы шаруашылық нысандарын пайдалануға қабылдау туралы Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды.
2015 жылы ХӨК-те бензол мен параксилол секілді хош иісті көмірсутектердің сынақтық партияларын алуымен қосу-жөндеу жұмыстары өткізілді. Салынған кешеннің схемасы икемді және екі нұсқа: отын және мұнайхимиялық, бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Отын нұсқасы бойынша барынша жоғары октанды бензинді алуды қамтамасыз етсе, ал мұнай-химия нұсқасы өз ретінде бензол мен параксилол сияқты өнеркәсіп үшін бағалы шикізатты өндіруге бағытталған.
Өндірудің инновациялық технологиялары АМӨЗ-де шығарылатын автомобиль бензинінің сапасын К-3 экологиялық классқа жеткізуге және оның ішіндегі бензолдың көлемін Кеден Одағының Техникалық регламенті талаптарына сәйкес 1% - ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. ХӨК бірінші іске қосу кешенінің объектілері автомобиль бензин құрамындағы бензол мен хош иісті көмірсутектердің мазмұнын азайту арқылы, өңірдің экологиялық ахуалын айтарлықтай жақсартады.
«Мұнайды терең өңдеу кешен» (МТӨК) жобасының құрылысы қорытынды кезеңінде болып табылады. Құрылыстың механикалық аяқталуы 2016 жылға жоспарланған. Қазіргі таңда жобалау өткізіліп, қадалар буылды, бетондау жұмыстары аяқталуға жақын. Жабдықтарды жеткізу мен оның орнату интенсивті түрде өтіп жатыр. Соңғы жеткізуі үстіміздегі жылдың тамызына дейін жүргізілетін ірі көлемді жабдықтардың 100%-на тапсырыстар дайындалды. «Sinopec Engineering Group» компаниясы 716 жабдықтың 679 бірлігін; «Марубени» - 441 ішінен 368 -ін; «ҚазСтройСервис» -53 дана жабдықтарды жеткізді . Сондай-ақ құбырлар мен металлды құрылымдардың ауқымды орнатуы жүріп жатыр.
Жаңа МТӨК кешенінде жұмыс істеу үшін оқыту басталды.
МТӨК қондырғыларын іске қосылуымен, АМӨЗ-де К-4, К-5 (Еуро-4 және Еуро-5 аналогтар) экологиялық стандарттарына сәйкес мотор отындарының шығаруына, мұнай өңдеу тереңдігін арттыруына және бензин, дизель секілді жеңіл мұнай өнімдерінің шығарылымын көбейтуге мүмкіндік береді.
Зауыттың қуаты жылына 5 млн тонна мұнайдан 5,5 млн. тоннаға дейін артады, атмосфераны ластаушы заттардың шығарындыларын азайту арқылы, қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік беріледі.
Құрылысқа 1800 адам тартылды.
Кездесу барысында, Қазақстан Республикасының Энергетика Министрі 2016 жылдың соңына дейін зауыттың жаңғырту және қайта құру жұмыстары уақытылы аяқтау және АМӨЗ-дің операциялық тиімділігін әрі қарай арттыру бойынша тапсырмалар берді.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу