«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
04.06.2025
22 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері Ақтауда «Munaily Marathon-2025» марафонына қатысты 1 маусымда Ақтау қаласында «Munaily Marathon-2025» қайырымдылық марафоны 1000-нан астам қатысушылардың басын қосты, оның ішінде ПМХЗ қызметкерлері де бар. Жарыс Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өтті.
Марафон 5 және 10 шақырым қашықтықтарын қамтыды.

«ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасенов шараның әрбір қатысушысына алғысын білдірді. Ол «Munaily Marathon-2025» бірлік пен әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісіне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, марафон салауатты өмір салтына назар аударып қана қоймай, қайырымдылық аясындағы айтулы оқиғаға айналды.

«Жарыс кезінде жиналған барлық қаражат Жаңаөзен қаласындағы ерекше балаларға көмек көрсететін «Балақай» оңалту орталығына жіберіледі», - деді Асхат Хасенов.

ПМХЗ өзі қызмет ететін аймақтарда бұқаралық спортты белсенді түрде қолдауды, қайырымдылық бастамаларға қатысуды жалғастыруда. Компания марафонға қатысқан барлық қызметкерлерге алғысын білдіреді және әлеуметтік жауапкершілік пен салауатты өмір салтын ұстану құндылықтарына адалдығын растайды.

“ПМХЗ” ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу