«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
30.06.2016
211 просмотров
2014-2016 жылы Павлодар мұнайхимия зауытында дуалды оқыту бағдарламасы бойынша өндірістік тәжірибеден өткен Павлодар химия-механикалық колледжінің (ПХМК) 35 студентінен 25-сі кәсіпорынға жұмысқа орналастырылады.
ПМХЗ-да 2012 жылы бастау алған дуалды оқыту жобасы өз жемісін беруде. ПХМК үшінші курсының 48 студентінен тұратын бірінші топ 2013 жылғы қыркүйекте кәсіпорынға қабылданғанын еске сала кетейік. Нәтижесінде 2015 жылы 27 адам (немесе 61 %) зауытқа жұмысқа орналастырылды. 2014 жылғы қыркүйекте ПМХЗ-ға колледждің 35 студентінен тұратын екінші топ қабылданды. Екі жылға жуық уақыт тағылымдамадан өтушілер кәсіпорында екі бейінді мамандық бойынша оқытылды: «Мұнай мен газды өңдеу технологиясы»                       (18 адам) және «Мұнай өңдеу саласының құрал-жабдығына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу» (17 адам). «ПМХЗ» ЖШС персоналды бағалау және дамыту секторының бастығы Людмила Пактің сөзі бойынша, студенттер оқу орнында аптасына екі күн теорияны өтіп, ал үш күн тікелей зауытта практикалық дағды алды. Жалпы алғанда, олардың әрқайсысы кәсіпорында 1800 сағаттан артық уақыт өткізді. Тәжірибеден өтушілерді оқыту оларға бекітілген 36 жоғары білікті тәлімгер маманның басшылығымен өткізілді.
6-7 маусымда өткен қорытынды әңгімелесуге тағылымдамадан өтушілердің барлығы дерлік – 33 студент келді. Бас инженердің мұнай өңдеу жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Андрей Трибус төрағалық ететін жалпызауыттың комиссия құрамына «ПМХЗ» ЖШС бас мамандары, персоналды басқару, еңбекақы төлеу және біріктірілген жүйелер бөлімі мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің басшылары, өндірістік оқыту мастерлері, ПХМК директоры Гүлнәр Аманжолова мен оның оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанаргуль Қарашашева кірді. Нәтижесінде 28 бала (немесе 85 %) әңгімелесу барысында арнайы даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, өз білімдері мен тәжірибеден өту кезінде алған дағдыларын растады.
Ал екі аптадан кейін 20 және 23 маусымда диплом жобалары қорғалды. Осы жолы қорытынды мемлекеттік аттестаттау комиссиясы екі топқа бөлінді. Бірінші топ: бас механик Артур Коловников (төраға), оқу орталығы басшысының орынбасары Александр Пешков, өндірістік оқыту мастері Александр Ким, «Тотал Сервис» ЖШС инженер-конструкторы Ермек Сарымов. Екінші топ құрамына: кешен/цех бастығының технология жөніндегі орынбасары Халилулла Джакудаев – төраға (мұнайды терең өңдеу кешені), оқу орталығының басшысы Людмила Пак, инженер-технолог Меруерт Қамзина, ПХМК директоры Гүлнәр Аманжолова мен колледж оқытушылары кірді.
«Мұнай мен газ өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша оқытылған және мәреге жеткен 17 студенттің 13-і диплом жобасын үздік бағаға қорғады. Төрт түлек «жақсы» деген баға алды. Басқа «Мұнай өңдеу саласының құрал-жабдығына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу» деген бейінді мамандық бойынша 16 тәжірибеден өтуші студент мәреге жетті. Олардың жартысынан көбі                               (11 дуалшы) жоғары ұпай алып, үздік нәтиже көрсетті, ал тағы бесеуі «4» деген баға алды.
Нәтижесінде комиссия мүшелері әңгімелесу барысында және доплом жұмыстарын қорғаған кезде жақсы білім көрсеткен 25 адамды зауытқа жұмысқа орналастыру, сондай-ақ үш адамды кәсіпорынның кадрлар резервіне енгізу шешімін қабылдады. Бастапқы жоба оң қарқын көрсеткені анық: егер өткен жылы ПМХЗ-ға студенттердің 61% қабылданса, 2016 жылы – 85% қабылданды.
12 технологиялық қондырғылар операторы, 15 компрессорлық қондырғылар мен технологиялық сорғылар машинисі және бір химиялық талдау зертханашысы болашақта «Павлодарлық мұнайөңдеуші» деген мәртебелі атаққа ие болады.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу