«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
30.06.2016
176 просмотров
Шұғыл түрде жәрдем көрсетілді Павлодар мұнайхимия зауытының атына балалар церебральды сал ауруымен (ДЦП) ауыратын Ильнур Ахметжановтан хат келіп түсті. Жасөспірім пандусты орнатуға жәрдемдесуді сұрады. Мұқтаж жігіттің өтінішіне «ПМХЗ» ЖШС бас директоры, Павлодар облыстық мәслихаттың депутаты Шухрат Данбай шұғыл түрде жәрдемдесуге ниет білдірді.
ПМХЗ басшысы жасөспірімнің қайғылы тағдырын естіп, оның жағдайына немқұрайлы қарай алмады. Ильнур дені сау бала болып туылған. Бала бір жасқа толған кезде медициналық көрсеткіштер бойынша жұлыннан пункция алған. Сәтсіз болса керек. Осылай дәрігерлік қәтеліктің салдарынан сәби бір сәтте мүгедек болып қалды.
Бүгінгі күні Ильнур 24 жасқа толған. Ол ата-анасымен тұрады және толығымен олардың қамқорлығында, себебі өздігінен қозғала алмайды. Бүгінгі күнге дейін далаға шығып, таза ауамен тыныс алу ол үшін нағыз проблема болған.
2008 жылдан бастап Ильнур әкімдікте пандусты орнату бойынша кезекте тұрған. Осы жылдар ішінде Ахметжановтарға қалалық әкімшіліктің өкілдері бір рет келіп, болашақ пандусты әзірлеу үшін қажетті өлшемдерді алған екен. Бірақ қалалық биліктің барлық көмегі осымен аяқталған. Әкімдіктің берген түсініктемесі бойынша Ильнур үшін өте қажетті құрал-жабдықты орнатуға ақшалай қаражат жоқ екен.
Үмітін үзген Ахметжановтар түрлі ұйымдарға, жеке меншік фирмаларға көмек сұрап өтінішін білдірді. Нәтижесіз болды. «Бізге біреулер көмек көрсетеді деген үмітіміз үзілген еді. Бірақ қателесіппіз! – деді Ильнурдың анасы Лиза Ахметжанова. – Шухрат Әбдірашитұлына хат жазғаннан кейін, біздің отбасыға жедел түрде көмек көрсетілді».
Зауыт «ИмпульсСтрой» ЖШС құрылыс фирмасымен бірлесе отырып, 10 күн ішінде пандус әзірледі және оларды орнату бойынша барлық қажетті жұмыстарды орындады. Үйдің бет жағына орнатылған пандустан басқа, мердігерлер пәтерден далаға шығатын жаңа металл есігін (отбасы бірінші қабатта тұрады), пластикалық терезені орнатты, балкондағы еден мен төбені ауыстырды, терезе торларын және балконның қасбет қабырғасын бояды.
«Шухрат Әбдірашитұлына алғысымыз шексіз. Өз қаражатымызға біз пандусты орната алмас едік. Себебі оны орнату үшін 700 мың теңге қаражат керек. Бұл өте қымбат. Менің жолдасым күзетші болып жұмыс істейді, еңбекақысы үлкен емес. Мен жұмыс істемеймін, мүгедек баланы күту бойынша 38 мың теңге зейнетақы аламын. Жолдасым отбасымызда жалғыз жұмыс істейді. Ильнурдан басқа мектеп жасындағы тағы бір баламыз бар. Сол себепті біздің шағын табысымыз ең қажетті заттарды сатып алуға ғана жетеді. Бұрын Ильнур екеуміз басқа адамдардың көмегінсіз подъезден шыға алмайтынбыз. Жолдасымды жұмыстан күтуге мәжбүр болатынбыз, себебі кез-келген адам мүгедер арбасында отырған баламды төмен түсіруге көмектесе бермейтін. Енді, ПМХЗ-нің жәрдемдесуі арқасында бізде ондай проблемалар жоқ. Бүгінгі күні ұлым өзі кез-келген уақытта серуендеуге шыға алады. Шухрат Әбдірашитұлына көрсеткен көмегі, қайғымызды бөліскені және мейірімділігі үшін үлкен рахмет айтамыз» деп Ильнурдың анасы Лиза Ахметжанова өз сырын бізбен бөлісті.
Осылай Ахметжановтар отбасында жарқын болашаққа деген үміт оты мен бұл дүниеде мейірімді адамдар бар екен деген сенім пайда болды.
Ильнур болса шектеулі физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, өз табиғаты бойынша оптимист. Жасөспірім үйде оқып, мектепті тамамдады. Қазір бағдарламашы болғысы келеді екен. Анасының айтуы бойынша жігіттің оған қабілеті бар.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу