«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
12.06.2025
5 просмотров
ПМХЗ-да аспапшылар арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті

Павлодар мұнай-химия зауыты «Үздік маман» кәсіби байқауын өткізу алаңына айналды. Екі кезеңнен тұратын бұл сайыстың практикалық бөлімі 15 мамыр күні БӨАжәнеТҮА-ның 9-цех ғимаратында өтті. Үздікті анықтау мақсатында цехтың 6 қызметкері тартысқа түсті.

Байқау бағдарламасы үш тапсырманы қамтыды:

1. Бақылау-өлшеу аспаптарын конфигурациялау. Бұл тапсырма конфигурацияланудың толыққандылығына қарай бағаланды.

2. Схеманы құрастыру. Бағалау критерийі – схеманың жұмыс істеу қабілеті.

3. Көрсеткіштердің дұрыстығын тексеру – яғни, құралдардағы ақауды анықтау.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын және «Үздік маман» атағына 73,5 ұпай жинаған аспапшы Александр Нурланұлы Макишев ие болды. Екінші орын 58,5 ұпай көрсеткішімен Денис Александрович Михновецке бұйырды, ал үшінші орынды 56,5 ұпаймен Олег Владимирович Палицкий алды.

«Үздік маман» байқауының мақсаты – кәсіби мамандарды анықтап, оларға қолдау көрсету. Жеңімпаздарға құрмет грамоталарымен қатар, жыл бойы жалақыларына үстеме ақы төленетін болды: бірінші орынға – 30%, екінші және үшінші орындарға сәйкесінше – 20% және 10%.

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Вадим Бердников
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу