«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
30.09.2016
549 просмотров
30 қыркүйекте Естай атындағы мәдениет сарайы Павлодар мұнайхимия зауыты ардагерлерін құшақ жай қарсы алды. Бұл жерде Халықаралық қарттар күні орай дәстүр бойынша «ПМХЗ» ЖШС зейнеткерлеріне салтанатты түрде құттықтаулар айтылып, құрмет көрсетілді.
Жылсайын алтын күздің басында зауыт басшылығы «Жергілікті кәсіподақ» “Нефтепереработчик” қоғамдық бірлестігімен бірлесіп күшін, білімдері мен тәжірибесін туған кәсіпорынына арнаған зейнеткерлерді құрметтейді. Бүгінгі күнде ПМХЗ-дан құрметі зейнетке шыққандардың саны 797 адамға жетті.
Әдеттегідей сахнадан «ПМХЗ» ЖШС персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарушы директор Алтын Имантаева мен «Жергілікті кәсіподақ» “Нефтепереработчик” ҚБ төрағасы Татьяна Васькина көп жылдағы адал еңбектері мен жас буынға берген тәжірибелерін атап өтіп, шын жүректен құттықтады. «ПМХЗ» ЖШС ҚМС сахнасына шығып Ардагерлер кеңесі төрағасы Галина Кусова туған кәсіпорынына жасаған қамқорлықтары мен ілтипаты үшін алғысын білдірді, ал оның серіктестері Валентина Кирсанова (№ 20 цех), Галина Толмачева (№6 цех), Валентина Коробейникова (№16 цех) Кеңес құрамында белсенді атқарған қызметі үшін лайықты марапатқа ие болды.
Ардагерлер құрметіне Иса Байзаков атындағы Павлодар облыстық филармониясы ұжымы дайындаған мерекелік концерт болды. ҚМС қонақтарына филармонияның музыкалық және би, қазақ ұлттық аспаптары оркестрі, орыс ұлттық аспаптар ансамблі, камерлік хор, джаз оркестрі «Нұр» би ансамблі ұжымдары, «SAMIYAN» вокальдық тобы орындаушылары: Талжибек Атамбек, Наталья Процкая, Жібек Айтбаева өз өнерлерін көрсетті.
Бұл күні зейнеткерлердің бірде біреуіде назарсыз қалған жоқ.   Мерекелік концерттен басқа шақырылғандар кәсіпорыннан 10 мың теңге көлемінде материалдық көмек ретінде сыйлық алды. Бұрынғы әріптестерімен көрісіп, қауышқан зейнеткерлердің көңіл күйі жоғары болды.   
«ПМХЗ»ЖШС Ардагерлер кеңесінің өкілдері денсаулық жағдайы бойынша мерекеге қатыса алмаған зейнеткерлерге үйлеріне барып, оларға арналған сыйлықтар мен азық-түлік жиынтықтарын тапсырды.    

«ПМХЗ»ЖШС жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлім

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу