«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
13.12.2016
555 просмотров
2016 жылғы 29 қарашада Астанада ҚР Әділет министрлігі «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС-ін тіркеді. Бұл ҚР МӨЗ-нің қажеттіліктері үшін аутсорсинг талаптарында техникалық газ өндірумен айналысатын «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ (ҚМГ-ӨМ) мен француздық Air Liquide компаниясы арасындағы бірлескен кәсіпорын.
Ұлттық компанияларда қызметтің бейінді емес және қосалқы түрлерін аутсорсингке шығару – бұл табысты өндірістің түйінді факторларының бірі. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев менеджменттің негізгі қызметке және активтердің құнын жоғарылатуға шоғырлану қажеттілігін бірнеше рет атап өткен болатын. ҚР МӨЗ-нің қажеттіліктері үшін техникалық газ өндіруге француздық компанияның қатысуы зауыт өндірісі процесінің энергия тиімділігін және жеткізілім сенімділігін арттырады деп күтіледі.
Анықтама үшін: сутек дизель отынын, бензин мен әуе керосинін күкірттен гидротазалау процесі үшін қажетті; азот инертті газ ретінде күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін аппараттарды үрлеп тазалау үшін қолданылады.
Air Liquide – газ өндірудегі, технологияларды әзірлеудегі және өнеркәсіп пен денсаулық сақтау үшін қызмет көрсетудегі әлемдік көшбасшы; компания техникалық газдарды жеткізу бойынша мұнай-газ химиясы саласындағы ірі халықаралық компаниялармен келісімшарт жасасқан, әлемнің 80 елінде жұмыс істейді.  

ҚМГ-ӨМ Қоғаммен байланыс қызметі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу