«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
09.02.2017
542 просмотров
2017 жылғы 3 ақпанда Ақтау қаласында, «СП “CASPI BITUM”» ЖШС базасында «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының 2016 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындысы жөнінде өткен кеңейтілген отырысы шеңберінде «ҚМГ-ӨМ» АҚ басшылары Идеялар банкінің рационализаторларын салтанатты түрде марапаттады. Үздік рационализаторлар қатарына «ПМХЗ» ЖШС-ның үш жұмыскері кірді. Павлодар мұнай өндірушілерінің техникалық шешімі кәсіпорынға 18 миллион теңгеден артық қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Мұнай және газды өңдеу жөніндегі аға вице-президенті, «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Тиесов компаниялар тобына экономикалық тиімділік әкелетін ұсыныстар, идеялардың авторларына құрмет грамоталары мен ақшалай сертификаттарды салтанатты жағдайда табыстады.
Мысалы, ПМХЗ рационализаторлары – мұнайды терең өңдеу кешенінің (МТӨК) жұмыскерлері МТӨК С-001 секциясынан (мазутты вакуумды айдау) гудронды шығару сұлбасын қайта жаңарту бойынша идеясын ұсынғандары үшін миллион теңгеден астам сомаға ақшалай сертификат алды. МТӨК бастығы Марат Байтеновтің, күкіртті мұнайдан мазутты вакуумды айдау, гудрон висбрекингі (С-001) қондырғысының бастығы Ахметжан Парпиевтің және қайта жаңарту жөніндегі инженер Азат Сатыбалдинның идеясын іске асырған жағдайда ПМХЗ 2017 жылы 18 млн теңгеден артық қаражатты үнемдейтін болады.
Бұдан басқа, «АМӨЗ» ЖШС қызметкерлері Василий Гацко мен Асқар Сахауовқа сутек өндірісі қондырғысынан каталитикалық риформинг қондырғысының 200 секциясының D-221 катализаторды орнына келтіру камерасына сутекті беру идеялары үшін ақшалай сыйлық берілді. Жүлдегерлер арасында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қызметкерлері де бар.
Жоба жетекшісі Арман Сәулебай атап өткендей, «Идеялар банкі» ниет білдіруші кез келген адамға «ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ компаниялар тобының рационализаторлық қызметіне қатысуға және сол үшін тиісті сыйақы алуға мүмкіндік береді, ал топ қызметкерлері үшін басшылықпен диалог жүргізу үшін қосымша алаң ұсынып, қолданыстағы процестерді оңтайландыру бойынша өз идеяларын тікелей ұсынуға мүмкіндік туғызады.
Бұрын хабарланғандай, өткен жылы ҚазМұнайгаздың өңдеу және маркетинг бағытындағы компаниялары тобында инновациялық және рационализаторлық мәдениетті дамыту мақсатында «ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ сайтында «Идеялар банкі» іске қосылды.
2016 жылғы 5 қазанда ҚР Әділет министрлігінен «Идеялар банкіне» айрықша мүлікті құқықтарды «ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ-ға тіркеу туралы куәлік алынды.
Бүгінгі күні «Идеялар банкінде» 1200 пайдаланушы тіркелген, 130-дан астам өтінім келіп түсті, оның ішінен іске асыруға 34 рационализаторлық ұсыныс мақұлданды.
«ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ ұжымы «Идеялар банкі» арқылы рационализаторлық қызметке белсенді қатысуға шақырады, өйткені қазіргі кезде рационализатор болу беделді ғана емес, сондай-ақ тиімді.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі және ҚМГ-ӨМ жұртшылықпен байланыс қызметі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу