Дәстүр бойынша мұнай өңдеушілердің балалары теңіз деңгейінен 1650 метр биіктікте, Іле Алатауының етегінде орналасқан «Ak Bulak» биік таулы курортына аттанады. Таза ауа, күн мен көркем табиғат денсаулықты нығайтатын демалыс үшін таптырмас жағдайлар жасайды.
«Ak Bulak»-та балалар атқа мінуді үйренеді, бассейнде жүзеді және арқан жолмен серуендейді. Қызықты жорықтар, экскурсиялар, спорттық ойындар мен дискотекалар олардың белсенді демалып, жаңа достар табуына сеп болады. Күш-қуатты қалпына келтіру үшін бес мезгіл теңгерімді тамақтану ұйымдастырылған.
Маусымның 26-шы жұлдызында «Ak Bulak» лагерінен бірінші маусымда демалған балалар оралды. 70 жеткіншек тамаша демалып, жарқын әсерлерге бөленіп қайтты. Келесі демалушылар тобы биік таулы лагерьге шілденің алғашқы жартысында аттанды.
Сонымен қатар 30 маусым күні ПМХЗ қызметкерлерінің балалары демалыстарын Шымкент қаласының маңындағы заманауи «Delve Camp» лагерінде бастады. Бұл — қызықты бағдарламасы бар, «Nazarbayev University» университетінен келген тәлімгерлері мен «Ziyatker» мектебінің педагогтары жетекшілік ететін қызықты әрі пайдалы демалыс.
Балалар түрлі шығармашылық іс-шараларға қатысып, тақырыптық кештер өткізді, сондай-ақ аквапарк пен бассейнде шомылып, танымдық серуендерге жиі шығып отырды. Бүлдіршіндер жайлы бөлмелерде тұрып, күн сайын бес мезгіл екі сеттің ішінен өздеріне ұнаған тамағын таңдап ішті.
Балалардың демалысын ұйымдастырумен «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподағы айналысады. Кәсіпорынның қолдауының арқасында ата-аналар жолдаманың тек бір бөлігін ғана төлейді.
Жаз – 2025 мұнай өңдеушілердің балалары үшін жаңа ашылымдар мен шаттыққа, пайдалы әрі мазмұнды демалысқа толы кезең болмақ. ПМХЗ өз қызметкерлерінің отбасыларына қамқорлық жасау дәстүрін жалғастырып, балалар демалысын қолжетімді, қауіпсіз әрі қуанышты етіп ұйымдастыруды жалғастыруда.
«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподақ